Алматыда «Жанна» сауда үйінен өрт шықты

961 рет оқылды
0

«Жанна» сауда үйінде өрт болып, 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. Өрт туралы ақпарат бүгін сағат 16:40-та белгілі болды. 

ТЖД пультіне Алмалы ауданы, Абай даңғылында орналасқан «Жанна» сауда үйіне қарасты жеке тұрған ғимаратының жертөлесі түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. «Шақырту түскен орынға алғашқы бөлімше 16:52-де жетті. Өрт сөндірушілер тыныс алу мүшелерін қорғауға арналған аппарат қолдана отырып, ғимаратта адам барын тексеріп шықты. 70 қауіпсіз жерге шығарлды. Сонымен қатар, өрт ошағын анықтау жұмысы жүргізілді», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

17:05-те өрт ауыздықталып, 17:14-те толықтай өшірілді. «Өрт аумағы үш шаршы метр болды және кеңсе техникасы тұтанған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 45 адам, 4 негізгі және 13 арнайы техника тартылды», — деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері. 

comments powered by HyperComments