ІІМ: Жалдамалы пәтерлерде 500-ге жуық ұры тұрған

795 рет оқылды
0
ІІМ 2016 жылы жалдамалы пәтерлерде тұрып, мүлікті тонаумен айналысқан басқа қалалық «гастролер-ұрыларды» ұстау мақсатында өткізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларға сараптама жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылы республикадағы полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлер мен қонақ үйлерде тұрып, мүлікті қолды етуге қатысты 830 қылмыс жасаған 497 «гастролер-ұрыны» ұстады. Ақмола облысының 54 жастағы тұрғынының Астанада тұрып, 5 қарашадан 7 желтоқсанға дейін 6 рет ұрлық жасағаны дәлелденді. 37 жасар Шығыс-Қазақстан облысының тұрғыны 20-қыркүйектен 25-қараша аралығында Астана қаласының Абылай хан даңғылында пәтер жалдап, 5 рет біреудің мүлкін қолды еткені үшін тұтқындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

comments powered by HyperComments