Астанада күніне 90 бала балабақша кезегін толықтыруда

453 рет оқылды
0
Астанада күн сайын 90 бала балабақша кезегін толықтырып отыр. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астанада күніне 70-75 сәби дүниеге келеді, күн сайын 80-90 бүлдіршін балабақша кезегіне тұрады. Егер де жекеменшік балабақша ашамын деген кәсіпкерлердің өтініш-тілектерін тыңдамасақ, 2020 жылға дейін балалардың барлығын 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз етеміз деген жоспарды орындай алмаймыз»,-деді Қ.Сенғазыев.
Айта кетейік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиналыста кәсіпкерлер балабақша ашу үшін мемлекеттік органдар тарапынан қойылатын нормалар мен ережелер өте көп екенін айтқан болатын. Қ.Сенғазыевтың айтуынша, жақында ғана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі бойынша балабақша ашу үшін 10 жоба конкурсқа салынған екен. Оның тек алтауы мақұлданды, ал қалған төртеуіне ешбір кәсіпкер қызықпаған. Себебі, ол жобалардың құны өте қымбат болып шыққан. 

comments powered by HyperComments