Серік Ахметов жазасын өтеу мерзімін қысқартуды өтінді

/  217 рет оқылды
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламентке «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заң жобасын енгізгені мәлім. Осыған орай еліміздің экс-премьері Серік Ахметов жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініш берді деп хабарлады Абай аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Sputnik Қазақстан» хабарлады.

«Серік Нығметұлы Ахметов жазасын өтеп жатқан мекемеден 2016 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР рақымшылық жасау туралы ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап оның жазасының өтелмеген төрттен бір бөлігін қысқарту туралы өтініш берді», — деп хабарлады Абай аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс үйлестірушісі Ардақ Жұмашев.

Оның өтініші тіркеліп, судьяға жолданған.

Еске сала кетсек, 2015 жылы желтоқсан айында Ахметов ірі көлемдегі ұрлаулар мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

 

comments powered by HyperComments