Ташкентте Мирзияев резиденциясының құрылысы басталды

/  448 рет оқылды
0

Өзбекстан астанасында елдің жаңа президенті Шавкат Мирзияев резиденциясын тұрғыза бастады.

Ғимарат Ташкент орталығында — Шараф Рашидов және Бешёгоч көшелері аралығында салынады. Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, құрылыс 5 қаңтарда басталған.

Мирзияев Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің «Ок сарой» резиденциясына кірмеді. «Ақ сарайда» мұражай орналасатын болды. Мирзияевтің жаңа кеңсесі «Ок саройдың» дәл артында тұрғызылады.

Өзбекстандық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, мемлекет басшысы «Дүрмен» және «Көк сарай» резиденцияларына кірмейдін болды. Бұл сарайларға кезінде Кәрімов тұрған.

Қазір Мирзияевтің жұмыс кеңсесі Ташкенттегі «Мустакиллик» алаңындағы парламент сенаты ғимаратының екінші қабатында орналасқан.

comments powered by HyperComments