Ата-аталар жиналысқа қатысу үшін жұмыстан босатылады

299 рет оқылды
0

Биылғы жылдан бастап Бiлiм және ғылым министрлiгi «Ата-ана сағаты» ұлттық күнiн өткiзудi қолға алмақшы. Осыған орай министрлiк барлық жұмыс берушiлердi қызметкерлерiн ата-аналар жиналысына қатысу үшiн ертерек босатуды сұрайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке бармайды», — дедi министр Ерлан Сағадиев бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында.

Биылғы жылдың көктемiнде министрлiк «ата-ана сағаты» ұлттық күнiн өткiзу бастамасын қолға алмақшы.

«Бiз барлық мемлекеттiк органдар, компаниялар, жеке секторды ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрайтын боламыз. Оларға осы бiр-екi күнде ата-аналар жиналысына қатысуына мүмкiндiк беру керек», — дейдi Е.Сағадиев.

Айта кетейiк, бұған дейiн министр Сағадиев қызметкерлердi жұмыстан уақытында босату мәселесiн көтерген болатын. Өйткенi, оның айтуынша, қазiргi уақытта жұмысбасты ата-аналар бала тәрбиесiне дұрыс көңiл бөлмейдi.

«Жұмыс берушi қызметкерлердi уақытында, сағат алтыдан кейiн ата-аналарды үйге жiберсе, дұрыс болады деп есептеймiз. Мұндай тәжiрибе қажет. Ата-аналардың жұмыста кешiгуiнiң әлеуметтiк бағасы жоғары», — деген едi ол.

 

 

comments powered by HyperComments