Б.Сапарбаев: Әр жаңа үйден жетімдерге пәтер бөлу керек

343 рет оқылды
0

Бердібек Сапарбаев пайдалануға берілген әр тұрғын үйден жетім балаларға баспана үлестіру туралы бастама көтерді деп хабарлайды tilshi.kz.

Ақтөбе облысының әкімі бұл ойын өңірдегі ірі құрылыс компаниялары басшыларымен кездесуінде айтты.

«Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың басты проблемасы – оларды баспанамен қамтамасыз ету. Олар оқу оқып, білім алады да, аяғында далада қалады. Олар үшін жасөспірімдер үйі жұмыс істеп жатыр, жуырда әлеуметтік үй ашылды, бірақ ондағы орын саны шектеулі. Жыл сайын мемлкеттік тұрғын үй қорынан 40-50 пәтер беріледі, бірақ баспанаға мұқтаждар саны одан да көп», — деді ол.

Сондықтан әкімнің пайымынша, жеке қаражатқа немесе мемлекетттік бағдарлама аясында салынған әрбір үйден жетім балалар үшін пәтерлер алып қою қажет.

«Жақында маған Ырғыз ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Ибрагим Сәрсенбаев келіп, аудандағы 6 жетім баланы баспанамен және жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді. Бұл дұрыс шешім. Егер біз оларға көмектессек, олардың болашақтарының жарқын болуына ықпал етеміз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің бұл бастамасына кәсіпкерлер қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

comments powered by HyperComments