БҚО-да ірі мұнай-газ кешені тұтас өртеніп кетті

320 рет оқылды
0

Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ кен орны өртенді, деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы.

Оқиға қаңтардың алтысынан жетісіне қараған түні Чинаревск мұнай-газ кентінде орын алған. Келіп түскен ақпараттар бойынша «КазСтройСервис» компаниясының офисі түгелдей жанып кеткен.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

comments powered by HyperComments