Қырғызстанда экстремистік сипаттағы материалы үшін 21 сайт жабылды

1 019 рет оқылды
0

2016 жылы Қырғызстанда экстремистік және террористік сипаттағы ақпарат таратқан 21 интернет-ресурс анықталды. Бұл сайттардың барлығы сот шешімімен жабылды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметі бойынша, қазір сотта тағы 8 сайттың жұмысын тоқтату мәселесі қаралып жатыр. Бас прокуратура 7 сайтқа құқықтық баға беру үшін материалдар жолдаған.

«Одноклассники» әлеуметтік желісінде экстремистік мазмұндағы материалдар таратқаны үшін 20-дан астам тұтынушының профилі құлыпталды.

Қырғыз ІІМ мұндай шараларды Интернетте радикалдық идеялар тарамас үшін қолданып отыр.

comments powered by HyperComments