Инвестициялар және даму министрлігі Air Arabia рейстері бойынша ақпарат берді

/  392 рет оқылды
0

Air Arabia әуекомпаниясының Қазақстандағы өкілдігі таратқан ақпаратқа сәйкес Шарджа қаласындағы (Біріккен Араб Әмірлігі) ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін ауа райы қолайсыздығына байланысты (қатты тұман, нашар көріну) Air Arabia-ның 2016 жылғы 29,30,31 желтоқсанға жоспарланған Шарджа — Астана және Шарджа — Алматы бағытындағы рейстеріне шектеу қойылды деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызмет.

Сонымен қатар әлемнің басқа да ондаған мемлекетіне (Армения, Украина, Ресей, Бахрейн, Қатар, Египет және т.б.) ұшуы жоспарланған рейстер кейінге шегерілді. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін ҚР Инестициялар және даму министрлігінде Туризм индустриясы департаменті, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінен тұратын жедел басқару штабы құрылып, қызмет етуде.
БАӘ-нің сәйкес мемлекеттік органдары мен Air Arabia әуекомпаниясына рейстерді шектеудің салдарынан орын алған жағдайды және қазақстандық жолаушыларды елге қайтару мәселесін жедел түрде реттеу туралы талаппен Азаматтық авиация комитетінен ресми хаттар және ҚР СІМ нотасы жіберілді.
Жолаушылардың 300 адамнан тұратын бір бөлігі басқа тұрақты әуекомпания рейстерімен және SCAT әуекомпаниясының Шарджа – Алматы – Шарджа бағыты бойынша ұшатын қосымша рейсімен жеткізілді. Air Arabia әуекомпаниясының ақпараты бойынша кейінге шегерілген рейстердің жолаушыларына билет тарифінің толық құны өтелетін болады.
Air Arabia әуекомпаниясының Шарджа – Алматы – Шарджа рейсінің орындалуы осы жылдың 2 қаңтарына жоспарланған болатын. Бірақ, ауа райының өте қолайсыз болып тұрғанына байланысты рейс кешіктірілуі мүмкін.


Қазақстандық туристерге сапарларын туроператорлармен келісіп белгілеу ұсынылады. Ал, рейстің кейінге шегерілуі ұзаққа созылатын болса, Air Arabia әуекомпаниясының өкілдігіне билет құнын өтеп алу жөнінде хабарласуға болады.

Бүгін «Air Arabia» әуе компаниясының тұрақты және қосымша рейстері Астанадан Шарджаға ұшып шықты. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустрия және туризм департаменті мен жедел штаб өкілдері мәлім етті.

«2017 жылдың 3 қаңтары күні «Air Arabia» әуе компаниясының қазақстандықтар мінген екі рейсі де (тұрақты және қосымша) Астанадан Шарджа қаласына ұшып шықты. Ұшырылымының тоқтатылуына байланысты осы уақытқа дейін БАӘ-не жете алмай жүрген 118 жолаушы қосымша рейспен ұшып шықты. «Air Arabia» әуе компаниясының тұрақты рейсі де Алматыдан БАӘ-не белгіленген кесте бойынша ұшып шықты»,-делінген хабарламада.

comments powered by HyperComments