Жуырда Шыңғысханның бейіті табылуы мүмкін

1 139 рет оқылды
0

Көріпкел әйел жақын күндері Шыңғысхан мазары табылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арна.

Он ай бойына Арыс қаласы маңында Шыңғысхан мәйітін қазып жатырмыз деген көріпкел әйел Жанар Алтынбекова, тоғыз ғасыр бұрын жерленген Шыңғысхан мазарының екі бөлмелі ішкі үйіне бар-жоғы 30 сантимерт ғана қалды дейді.

Көріпкел үңгір ішінде бірер қарыстық қабырға арқылы қабірдің ағаштан жасалған есігі көрінгенін айтады. Сондай-ақ, Шыңғысханның тастың үстінде жатқан мәйіті, мінген аты, адамның құлашы жетпейтін көлемдегі алып жылан, қабырғаға жазылған 16 саны мен белгісіз тілдегі қашалып жазылған жазулар шыққанын суретке түсіргенін айтады.

Сондай-ақ, суреттердегі жарық үңгір астында күн сәулесіндей жарқырап тұр дейді.

«Үш метрлік тереңдікке түскеннен кейін, оң жақ бетінде бабаның өзі жатыр, сол бет жағында аты жатыр. Ал бұл кісіні қорғап жатқан жыланға адамның құшағы жетпейді», — дейді ОҚО тұрғыны Жанар Алтынбекова.

comments powered by HyperComments