ЭКСПО қарсаңында туризм министрлігін құру қажет

1 231 рет оқылды
0
ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық кеңес Қазақстанда туризм мәселелерімен айналысатын бөлек мемлекеттік органды құруды ұсынып отыр. Аталған бастама кеңестің бір жылда атқарған жұмыстың нәтижесі бойынша әзірленген он нақты ұсынысқа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біріншіден, туризмді дамыту бойынша жеке мемлекеттік органды құру қажет. Біз осыны кеңінен талқылап, хаттамаға енгізген болатынбыз», — деді бүгінгі отырыс барысында кеңес төрағасы Ерлан Сыдықов. Осы орайда саясаттанушы Марат Шибұтов бөлек мемлекеттік органның нақты құрылымын көрсетіп, ұсыныста «туризмді дамыту комитетін құру қажет» деп жазуды ұсынды. Алайда Есеп комитетінің мүшесі Серік Нөгербеков онымен келіскен жоқ. «Бұл жерде «бөлек мемлекеттік органды құру қажет» деп нақты жазылған. Бұл, кем дегенде, агенттік немесе министрлік. Ал комитет бөлек мемлекеттік органға жатпайды. Ол — министрлік ішіндегі құрылым ғана», — дейді С.Нөгербеков.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы туризм мәселелерімен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрамына кіретін туризм индустриясы департаменті айналысады. 

comments powered by HyperComments