Ердоған: Кайсеридегі теракт Сирия мен Ирактағы оқиғалармен сабақтас

477 рет оқылды
0

Түркияда қызметіне тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясы Кайсери қаласында болған теракт үшін жауапты, делінген ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның бүгін тараған жазбаша мәлімдемесінде.

Осыған дейін Түркия Бас штабы әскерилерге қарсы Кайсериде болған теракт туралы хабарлаған болатын. Мина қойылған көлік қызметтен босатылған солдаттар мен ефрейторлар кетіп бара жатқан автобустың жанында жарылып, 13 адам мерт болды, 55 адам дене жарақатын алды. Түркия Премьер-Министрі Бинали Иылдырым терактінің жанкешті-содыр жүзеге асырғандығын мәлімдеді, деп хабарлады Риа Новости.

«Сепаратистік террористік ұйым осы қанқұйлы әрекет үшін жауапты. Ол өз мақсатына жету үшін бәріне баруда. Бұл оқиға Сирия мен Ирактағы оқиғалардан тыс болып жатқан жоқ. Түркия бірнеше террористік ұйымның көздеген нысанасына айналып отыр»,-делінген Ердоғанның жазбаша мәлімдемесінде. Ол сондай-ақ Түркияның терроризммен күресін табанды жалғастыра беретінін айтады.

 

comments powered by HyperComments