Отандық жер серіктерінен келер пайда шамалы

1 203 рет оқылды
0

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан ғарыш саласындағы жобаларға, соның ішінде ғарыш жүйелеріне $1,5 млрд жұмсаған. ҚазТАГ агенттігі хабарлауы бойынша депутат Тұрсынбек Өмірзақов атамыш қаражаттың елге ешқандай пайда әкелмегендігін айтып, наразылық білдіріген. “Соңғы 10 жылда Қазақстан 1,5 млрд доллар жұмсады, “Бәйтерек”, “Ишим”, “KazSat-1″ жобалары жабылды, ешқандай пайда әкелмеді ақыры, ал “KazEO Sat-1″-дің бағдарлаумен проблемасы бар. Айтыңызшы, біздің аппараттар шетелдік аналогтарымен салыстырғанда қанша тұрады?” – деді Өмірзақов. ҚР инвестициялар және даму министрлігінің әуе-ғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев болса, мәжілісменнің мұндай құпия ақпартқа қалай ие болғанына таңқалғанын жасыра алмады. “Жақсы сауал, мен тіпті сізде мұндай мәліметтің қайдан жүргеніне қайран қалып отырмын. Бұл негізінде қызметтік қолданыс үшін, бірақ енді сіз ие болып отырғасын… Біздің аппараттар баға-сапа коэффициенті бойынша, мәселен, бүгіндері кең баспасөзде жарнамаланып кеткен Араб Әмірліктерінің сатып алып жатқандарынан әлдеқайда жақсы.

Араб Әмірліктері сатып алғалы отырған бір 0,6 рұқсатнамалық қабілеті бар аппараттың құны 1 млрд долларды құрайды. Біздің тұтас жүйеміз – екі жерсерік және барлық жер бетіндегі инфрақұрылым. Мен сізді мұның нендей жүйе екенін қарауға шақырамын – ол қала, құны 260 млн еуроны құрайды”, – деп түсіндірді ол. Салалық комитет басшысы атап өткендей, қазақстандық жерсеріктер шетелдік түрлерге қарағанда, параметрлер жағынан бірқатар артықшылықтарға ие.“Егер рұқсатнамалық қабілеттен басқасын алсақ – ол тек кәсіпқойлар пайдаланатын параметрлердің бірі ғана, ал онда шетелдік түрлерге қарағанда біздің жерсеріктер жақсы игерген ондаған параметр бар, оның мән-жайын аз түсінетіндер ұрынып жатады. Әрі олар автомобиль ретінде, шабандоз ретінде сатып алады.

Біздің мамандар барлық егжей-тегжейін түбегейлі зерттеп, жасаушы мамандармен бір тілде сөйлеседі. Айтпақшы, бұл келісімге және технологияларды тапсыру туралы келісім-шартқа енгізілді”, – деді Т. Мұсабаев. Оған қоса, 2014 жылы дайын болған «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» жер серіктері әлі Қазақстанның меншігіне берілмегендігі анықталып отыр. Жерді қашықтан зондтау спутниктері дайындаушы ел — Францияның иелігінде. Оларды өз меншігімізге алуға қосымша құн салығы кедергі келтіріп тұрған көрінеді. Жерді қашықтан зондтау жүйесін құру келісіміне енгізілген өзгерістерді таныстырған аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев қосымша құн салығына қатысты мәселе шешілсе, Қазақстан спутниктері пайда әкеледі деп сендірді. Алайда депутат Тұрсынбек Өмірзақов бұл жүйеге күмәнмен қарайды. Оның сөзіне сенсек, қазақстандық жер серіктері өзге елдердің спутниктерінен 50, тіпті 100 пайызға қымбат болып отыр. Аталған мәселе өз шешімін таппаса да, заң жобасын mПарламет депутаттары мақұылдады.

comments powered by HyperComments