Мектепте төбелескен шымкенттік қыздардың бірі пышақталды

399 рет оқылды
0

Шымкентте қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар жаппай төбелесті, деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. Төбелес салдарынан 2001 жылы туған қыз пышақ жарақатын алып ауруханаға түскен.

Оқиға 5-ші желтоқсан күні сағат кешкі 18-00 шамасында болған. Тергеу тобы анықтағандай олар 1998-2002 жылғы жас аралығындағы жасөспірімдер.

Анықталғандай, олар интернетте өзара хат жазысып, сөзге келісіп қалады. Мұнан соң жастар белгіленген жерге кездесу ұйымдастырып, соңы төбелеске ұласқан.

Бір-біріне жұдырық ала жүгірген қыздардың бірі екінші және үшінші қол саусақтарының зақымдалған сіңірі мен кесілген жарасы диганозымен ауруханаға жеткізілген.

comments powered by HyperComments