Қазақ журналистері арасында боулингтен турнир өтті

/  349 рет оқылды
0

Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Тамшы» қоғамдық қорының демеушілігімен БАҚ өкілдері арасында боулингтен І турнир өтті.

Оған 40-тан астам алматылық журналист қатысып, белсенділік көрсетті. Бұл шара тілші қауымының ауыз бірлігін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Сонымен, ұлық мереке қарсаңында өткен қазақ журналистері арасындағы боулингте жүлделі орындар кімге бұйырды? Әдемі ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінген 31 телеарна тілшісі Жарас Ниязбек бірінші орын, 31 телеарна тілшісі Манас Қайыртай екінші орын, ал  «Жас қазақ» газетінің қызметкері Ғалия Қалиева үшінші орынға ие болды. Ал ойын барысында белсенділік танытып, жеңіске деген құштарлығын көрсеткен бірқатар тілші Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ журналистері арасында өтетін мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

comments powered by HyperComments