В.Путин: Турист ретінде саяхаттағым келеді

555 рет оқылды
0

РФ президенті Владимир Путин «Этерно» компаниясының қызметкерлерімен кездесуінде өзінің саяси мансабын табысты аяқтап, саяхатқа шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды РБК.

Кездесуде компания жұмысшыларының бірі президенттен қандай арманы бар екенін сұраған. «Мен өз мансабымды табысты аяқтағым келеді», – деп жауап берді В.Путин. «Уақытыңыз бола қалса, қандай хоббимен айналысар едіңіз» деген сауалға: «Саяхаттағанды қатты жақсы көремін. Алайда менің қазіргі саяхаттарымның бәрі әуежайға барып, қандай да бір ғимаратқа кіріп, қайтадан әуежайға оралудан әрі аспайды. Бір жаққа барып келдім деп айту қиын. Мен басқаша саяхаттағым келеді. Табиғатты тамашалап, тарихи жәдігерлерді араласам деймін», – деді.

Ресей президенті 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысу жөніндегі сауалдарға нақты жауап бермейтін. «Бұл жайлы айту тым ерте» деп қайыратын. Ал Bloomberg тілшілеріне берген сұхбатында «алға қойлыған мақсат-міндеттер орындалып, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріліп, елдің экономикасы мен әлеуметтік саласы дамыса, қорғаныс қабылеті артса» ғана өз кандидатурасын ұсыну туралы шешім шығаруға болатынын айтты. Сол сұхбатта Ресей көшбасшысы елдің болашақ президенті қандай болу керегін де айтты: «Болашақ көшбасшы мейлінше жас, бірақ ақыл тоқтатқан азамат болуы керек».

 

 

comments powered by HyperComments