Алматыда Мәуліт кеші өтеді

645 рет оқылды
0

Желтоқсан айының 7 жұлдызы Алматы қаласы Республика сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі Мәуліт кеші өтеді, деп хабарлады muftyat.kz.

Кештің жаңа бағдарламасында тағылымды қойылымдар, діни әндер, бейнероликтер, сырлы монологтар болады. Бір күнде екі рет өтетін Мәуліт кешінің алғашқысы – таңғы сағат  10:00-де, ал қайталауы – түскі сағат 14:00-де.

Ғаламдардың мақтанышы, адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне орай ұйымдастырылған Мәуліт кеші сіздерді шақырады.

Кеш билеттерін мешіт маңындағы діни тауарлар дүкенінен және Республика сарайы кассасынан ала аласыздар!

comments powered by HyperComments