Ресей ислам комитетінің жетекшісі Гейдар Джемаль қайтыс болды

486 рет оқылды
0

Ресей ислам комитетінің төрағасы, «Ресей ислам мұрасы» қоғамдық қозғалысы төрағаларының бірі Гейдар Джемаль қайтыс болды. Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Гейдар Джемаль 69 жаста болған. Журналист Максим Шевченко Джемальдің ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмғанын жазды.

Гейдар Джемаль Алматыда қайтыс болған. Марқұмды 6 желтоқсанда осы қалада жерлемек.

Гейдар Джемаль Ресей ислам комитетін 1993 жылдан басқарған. Ол «Солшыл майданның» үйлестіру кеңесін құрушылардың бірі болған. «Наразылар маршына» қатысқан.

1999 жылы Ресей мемлекеттік думасының сайлауына қатысқан. 2010 жылы ол Ресей оппозициясының «Путин кетуі тиіс» деп аталатын үндеуіне қол қойған.

Гейдар Джемаль Ресейдің «Бірінші арнасында» «Ныне» деп аталатын бағдарламасын, «Культура» телеарнасында «Все суры Корана» бағдарламасын және РТР телеарнасында «Тысяча и один ночь» бағдарламасын жүргізген. Ислам туралы алты кітаптың авторы.

Айта кету керек, ол бір кездері елімізде өтетін Еуразия медиафорумының тұрақты қатысушысы еді. Халықаралық «Түркістан» газетіне сұхбаты жарияланған болатын.

comments powered by HyperComments