Қазақтың ұлттық күресі ЮНЕСКО мәдени мұрасына енді

836 рет оқылды
0

Қазақтың ұлттық күресі мен сұңқармен аң аулау ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Мұндай шешімді Эфиопияда Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитет қабылдады.

«Қазақ күресінің» дамуы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке-тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың құрмет тұтар адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Айта кетерлігі, сұңқармен аң аулау көптеген елдердің ұлттық ойындары саналады. Сондықтан да сұңқармен аң аулауды ЮНЕСКО тізіміне қосуды Қазақстаннан бөлек Біріккен Араб Әмірліктері, Австрия, Бельгия, Чехия, Франция, Германия, Венгрия, Италия, Корея Республикасы, Моңғолия, Марокко, Пәкістан, Португалия, Катар, Сауд Арабиясы, Испания және Сирия Араб Республикасы ұсынған.

Таяуда ғана Материалдық емес мәдени мұра комитетінің шешімімен ЮНЕСКО тізіміне 12 мұра енгізілген. Олардың қатарында йога, сұңқармен аң аулау, Наурыз мейрамы, кубалықтардың румба биі, қазақша күрес бар.

 

 

comments powered by HyperComments