Биыл елімізде 9 мың көлік шығарылды

879 рет оқылды
0

2016 жылдың басынан бері Қазақстанда 9 мыңнан артық автокөлік шығарылды. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» АҚ хабарлады.

«2016 жылдың он айында Қазақстанда жалпы сомасы 56,7 миллиард теңге болатын 9129 көлік шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда  20,1  пайызға төмен көрсеткіш. Қазан айында отандық автозауыттар 5,1 миллиард теңге тұратын 797 көлік шығарды. Бұл да былтырғы жылғы көрсеткіштен 17,9 пайызға кем, — делінген хабарламада.

«ҚазАвтоПром» мәліметі бойынша, қазақстандық кәсіпорындарда жүк көлігін шығару былтырғы жылмен салыстырғанда 7,4  пайызға артып, 1 256-ны құрады.

ЖІӨ бойынша автокөлік өндірісі 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында 56,7 миллиард теңгені құрап, фармацевтика (31,3 миллиард теңге) мен мата өндірісін (30,9 миллиард теңге) артқа тастады.

«2016 жылдың қазан айында автонесиелеудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша екінші транш толығымен игерілді. Бағдарлама аясында 2015 жылы сәуір айында Ұлттық қордан 26 миллиард теңге қазақстандық автокөліктерді алуды несиелендіру мақсатында бөлінген болатын. Бағдарламаның қаржылық ресурстары 118 пайызға орындалда. Бұл уақыт аралығында Қазақстан даму банкі жалпы сомасы 29,9 миллиард теңге болатын отандық өндірістен шықан көліктерге 8081 несие берді», дейді «ҚазАвтоПром» өкілдері.

comments powered by HyperComments