Үш ағайындыны өлтірген бас күдікті бостандығынан айрылуы мүмкін

450 рет оқылды
0

Алматы облысында дүйім жұртты шулатқан үш ағайындыны өлтіргендердің соты аяқталуға жақын,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін мемлекеттік айыптаушы бас күдікті Талғат Сүлейменовке өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Ал Мұрат Оңалбаев 24 жылға сотталуы мүмкін. Сондай ақ куәгер бола тұра ешкімге аталған қылмыс жөнінде тіс жармаған Бақыт Байқасымов 4 жылын темір торда өткізуі мүмкін.

Айта кету керек, қазір Қарасай аудандық сотында үш ағайындыны өлтіргендердің ісі қаралып жатыр. Бұған дейін мәлім болғандай, жәбірленуші тарап моральдық шығын талап еткен болатын. Олар судьядан 45 млн теңге өндіріп беруді сұрады. Бірақ жәбірленуші тарап қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған еді. Айта кетелік, қыркүйек айында үш ағайынды Ұзынағашқа мал сатуға кетіп, із-түзсіз жоғалып, артынша олардың өлі денелері табылған. Қаза болғандардың артында 8 баласы және жарлары қалды.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/ush-agayyndyny-oltirgen-bas-kudikti-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryluy-mumkin_a2974326

comments powered by HyperComments