Жылуға берешек тұрғындар жауапқа тартылмақ

/  138 рет оқылды
0

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні бірқатар нысандарды аралаған болатын. Бұл туралы «Ақтөбе  ақпарат» орталығы хабарлады.

Алдымен «Трангэнерго» АҚ-қа қарасты жылыту қазандықтарының жұмысымен танысты. Соның бірі 41 разъездегі «Әлжан»  жылыту қазандығы. Нысан 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өткен. Қажетті жабдықтардың дені отандық зауыттар мен Ресейден сатып алынған. Жобаға мемлекет бюджетінен 200 млн теңге қаражат бөлінген. Қазандық жүйесі толық автоматтандырылған, суды жылыту белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Сағатына 2,5 гигакалорий жылу өндіреді. Ал, толық жылыту қуаты — 7,5 гигакалорий.

Содан соң аймақ басшысы С.Жаманқұлов көшесіндегі жылыту қазандығына барды. Ол қаланың ескі бөлігі мен  темір жолының жанында үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Бұл нысан да өткен жылы 160 млн теңгеге «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қайта жаңғыртудан өткен.

Айта кетейік, «Трансэнерго» АҚ-тың 21 жылыту қазандығы бар. Олар жылумен тұрғындарды үздіксіз қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, борышкерлердің мәселесі де айтылды. Тұтынушыларының небары 66%-ы уақытылы төлем жасайды.

— Жылу тарату орталығы (ТЭЦ) қала тұрғындарының 93%-ын жылумен қамтамасыз етіп отыр. Аталған жылыту нысандары мемлекеттік бағдарлама бойынша қайта жаңғыртудан өтті. Ал, тұтынушыларының 66 пайызы ғана төлем жасайды. Егер борышкерлер егер өздерінің қарызын толық қайтармаса, оларға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынуы мүмкін. Қажет болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартатылады, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс басшысы «Батыс–2» ықшам ауданындағы көшелерді кеңейту жоспарымен танысты. Жалпы, ауданда көшелерде қайта жаңғыртудан өткізу мен кеңейту жұмыстары жүргізіліп, қаланың бас жоспарына сай, «Мәңгілік ел» мен «Тәуелсіздік» көшелері пайда болады.

comments powered by HyperComments