Астана туризмін дамыту тұжырымдамасы қабылданды

626 рет оқылды
0

Елордада еліміздің бас қаласында туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды, онда оқиғалық, іскерлік және медициналық туризмге ерекше көңіл бөлінген. Бағдарлама туралы толығырақ және Астананың ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындығы туралы елорда әкімдігінде өткен брифингте айтылды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің индустрия департаментінің директоры Марат Иғалиев мәлімдегендей, елордада туристік кластерді дамытудың перспективалары зор.

«2013 жылы Астанада ЭКСПО көрмесін өткізуді ескере отырып 2017 жылға дейін туризм саласын дамытудың шеберлік жоспары әзірленген болатын. Сондай-ақ, біз Астанада 2020 жылға дейін туризмді дамыту тұжырымдамасын таныстырдық, келесі жылы қаланың бренді таңдалады», — деп атап көрсетті Марат Иғалиев.

18 жылда Астанада қонақ үйлер саны 40 есеге артқан, шетелдіктердің қалаға келуі 50 есеге көбейген, ал ішкі туризм 43 есе өскен.

«Егер Астананы 1000 тұрғынға шаққанда келетін туристер саны бойынша салыстыратын болсақ, біз Сеул, Стамбул сияқты қалалармен бір қатарда тұрмыз. Қалада бізге болашақта туризмді дамытуға көмектесетін маңызды алғышарттар бар. Біз іскерлік, оқиғалық және медициналық туризмді дамытуға басымдық бермекпіз. Қазір Астанада кең ауқымды оқиғаларды өткізу үшін сыйымдылығы әр түрлі құрылыстар жетерлік. Оқиғалық туризмді дамыту үшін қажет негізгі және басымдықты қадамдардың бірі MICE туризм бойынша ірі халықаралық қауымдастықтарға кіру болып табылады», — деді Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.

 

comments powered by HyperComments