Ресей ғылыми диссертациялардың Тәжікстанда қорғалуын шектейді

291 рет оқылды
0

Ресейдің Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссиясы (ЖАК) Тәжікстанның білім академиясының докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі Ғылыми кеңесінің жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Білім академиясының Диссертациялық кеңесінің төрайымы Ирина Каримова хабарлады.

Оның айтуынша, 14 қарашадан бастап Тәжікстанда «педагогика» мамандығы бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалмайды.

Бұған дейін ресейлік ЖАК Тәжікстанның жоғарғы оқу орындары ғылыми кеңесінің жұмысын тоқтатқан болатын.

Тәжікстанда ғылым кандидаты және докторы дәрежелерін де ресейлік ЖАК тағайындайды. Ғылымның кейбер салалары бойынша ғылыми дәрежені Тәжікстанның диссертациялық кеңесі тағайындағанымен, ғылыми дәреже беру туралы дипломдарды ресейлік ЖАК шешеді.

Еске салсақ, ресейлік премьер Дмитрий Медведев Тәжікстанда ғылым кандидаттары мен докторлары тым көптігіне таңырқап, бұл мәліметті тексеруін сұраған еді.

comments powered by HyperComments