Thomson Reuters Алматыда форум өткізбек

398 рет оқылды
0

18 қарашада Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ғылым және инновациялар – экономикалық дамудың негізі» атты форум өтеді. Шараға ғылым және білім саласының көрнекті қайраткерлері, Қазақстанның жас ғалымдары қатысады деп жоспарлануда.

Шараның ұйымдастырушылары – Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы және Thomson Reuters халықаралық компаниясы. Thomson Reuters компаниясы соңғы бес жылдан бері Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуына қолдау көрсетіп келеді.

Форум аясында қазақстандық ғалымдарға Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының негізінде жариялану белсенділігі мен мақалалардан дәйексөз алу бойынша жоғары көрсеткіштері үшін «Ғылым көшбасшысы» тәуелсіз наградасын табыс ету рәсімі өтеді. Бұл марапат ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін насихаттау, көтермелеу және ынталандыру, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, және шетелдік рейтингтік ғылыми басылымдарда жариялау мақсатында тағайындалады.

comments powered by HyperComments