Министр үйқамаққа алынды

/  110 рет оқылды
0

Мәскеудің Басман аудандық соты сыбайласқан жемқорлық жасады деп айыпталған экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевты үй қамаққа отырғызды. Тергеу осындай өтініш түсірген.

 centralasian.org-тың хабарлауынша, сотта екі адам айыптаушы тараптың куәгері ретінде сөйледі.

Министрдің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып қана қоймай, куәлік етуден бас тартты, бірақ тергеумен барынша бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Улюкаев — қазіргі Ресей тарихында ұсталған алғашқы федералдық министр. Оны «Роснефть» компаниясының «Башнефть» компаниясын сатып алуына қатысты оң қорытынды шығару үшін екі миллион доллар пара алды деп айыптады.

Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведев экономикалық даму министрі қызметін атқарушы ретінде Евгения Елинаны тағайындады.

 

 

comments powered by HyperComments