Трамп пен Путин оңаша кездеседі

448 рет оқылды
0

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Кремльдің хабарлауынша, әңгіме өзара сенімділік жағдайында өрбіген.

Путин Трампты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, сайлау қарсаңындағы бағдарламасын сәтті орындап шығуына тілектестігін білдірді, жаңа әкімшілікпен серіктес болуға дайын екендігін мәлімдеді».

Кремльдің хабарлауынша, Путин пен Трамптың әңгімесінде «екі жақты байланысты сауда-экономикалық салаларда дамыту маңызды екені ерекше атап көрсетілді».

Путин мен Трамп ортақ жау — халықаралық терроризм және экстремизммен күресте күш біріктіру қажеттігі туралы пікір алмасты, Сириядағы дағдарысты реттеу мәселесін талқылады. Олар үнемі телефон арқылы сөйлесіп отыратын болды, болашақта кездесетін болып келісті, оны екі тараптың өкілдері ұйымдастырады, делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

comments powered by HyperComments