Ұлттық бренд байқауында 40 жұмыс іріктелді

486 рет оқылды
0

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырып жатқан Ұлттық брендті анықтау жөніндегі конкурстың SMS арқылы дауыс беру кезеңі аяқталып, ең көп дауыс жинаған 40 жұмыс іріктеліп алынды. Бұл туралы министр Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

«Қымбатты достар! 12 қарашада Ұлттық брендті анықтау жөніндегі байқаудың SMS-дауыс беру кезеңі аяқталды. Үздік деген жұмыстарға барлығы 171 198 адам дауыс берді. Бұл — азаматтарымыздың белсенділігін көрсетеді. Сондықтан да, ұйымдастыру комитеті сарапшылық кеңестің қарауына ең көп дауыс алған 40 жұмысты ұсыну жөнінде шешім қабылдады. Ұсынылған 40 өтінімнің ішінен финалға жіберілетін 10 жұмыс таңдап алынып, олардың авторлары Ұлттық брендтің өздері әзірлеген нұсқасын қазылар алқасына таныстырады»,— делінген Д.Абаевтың парақшасында.

Ең көп дауыс жинаған 40 жұмысты мына сілтеме арқылы көруге болады:http://mic.gov.kz/kk/competition/leaders

comments powered by HyperComments