Астанада 2017 жылы түнгі автобустар жүреді

567 рет оқылды
0

Астанада түнгі уақытта жүретін автобустар 2017 жылы пайда болады, — деп хабарлайды tengrinews.kz қалалық Жолаушылар көлігінің басқармасына сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, түнгі автобустар 2017 жылы пайдалануға берілуі мүмкін. Сонымен қатар, олар автобустардың бағасы түнгі уақытта қанша болатыны әзірше белгісіз екенін айтып өтті.

«Түнгі уақытта адамдарды тасымалдауға қатысты жүйеге талдау жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік сауалнама алынып, мекемелердің жұмыс кестесі қалай болатыны зерттеліп жатыр. Талдау жұмыстарын аяқтаған соң, түнде нақты қанша автобустың жолға шығатыны, онда қанша жүргізушінің жұмыс істейтіні және олардың жұмыс кестесі анықталып, нақтыланатын болады. Түнгі тарифтерге қатысты мәселе Астана қаласының мәслихатымен шешіледі», — делінген Жолаушылар көлігі басқармасындағылардың редакцияның сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, осыған дейін «Астана LRT» ЖШС басшысы Талғат Ардан Астанада түнгі уақытта жүретін автобустардың 2015 жылы пайда болатынын айтқан еді. Оның айтуынша, түнгі автобустар сағат 23.00-ден 05.00-ге дейін жұмыс істеу керек.

comments powered by HyperComments