Бәйдібек ауданына жаңа әкім тағайындалды

843 рет оқылды
0

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Бәйдібек ауданының активіне  ҚР Президенті Әкімшілігі  мен аудандық мәслихаттың келісімімен  тағайындалған жаңа əкімді таныстырды.

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Бәйдібек ауданының әкімі болып Бахытбек Төленұлы Танагузов тағайындалды.

Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Бәйдібектегі халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге, ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Батырбек Көшербайға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Бәйдібектегі халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды.

Бахытбек Төленұлы Танагузов 1957 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тумасы. Білімі — жоғары, экономист мамандығын игерген.

Еңбек жолын 1979 жылы Шолаққорған мемлекеттік банкінің экономисті ретінде бастаған. Кейін Созақ ауданында партия комитетінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, партия комитеті үгіттеу және насихаттау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.

1989-2010 жылдары «Агроөнеркәсіп қызметкерлері» кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, «Тұран Әлем Банк» Таукент бөлімшесінің басқарушы және «Айгерім», «Санжар фрудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры лауазымдарында еңбек еткен.

2010-2016 жылдары Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі және орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келген.

Айта кету керек, Бәйдібек ауданында 55 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 52 елді мекен, 11 ауылдық округ бар. Аудан негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген өңір болып табылады.      

comments powered by HyperComments