Кейкі батырдың бассүйегі Венгрия зертханасына жіберіледі

1 613 рет оқылды
0

Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барады, — деп хабарлайды Baq.kz.

«Барлық сақтық шарасы қабылданады. Оған соққы болған күннің өзінде зақым келмейді. Контейнерге пломба салынған», — дейді Нұрсан Әлімбай.

Батырдың мүрдесі Мәскеуден Астанаға бүгін, 6 қазанда таңғы сағат 5.00-де жеткізілді. Кейкі батырдың бассүйегі 8 қазанда Алматыға жеткізіледі деп жоспарланған болатын.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты. «Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын», — деп жауап берді Медведев Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне. 

comments powered by HyperComments