Алматы әуежайында бірнеше рейс кешіктірілді

407 рет оқылды
0

Алматы әуежайында тыйым салынған заттың табылуына байланысты алты рейс тоқтап тұр деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Алматы — Тбилиси бағытындағы ұшаққа отырғызу алдында азаматтарды тексеру кезінде жолаушылардың бірінен 100 миллилитр шамасында сынап табылған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің сұйықтықты алып тастау талабына, жолаушы ескертусіз қоқыс жәшігіне тастаған. Бірақ сұйықтық төгіліп кеткен.

Осыдан кейін терминал ғимаратынан халықты бірден сыртқа шығарған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қызметкерлері барған. Қазіргі кезде барлық қызметтің жұмыстары қайта іске кірісті деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

comments powered by HyperComments