«Көксерек» мультфильмі жарық көрді

992 рет оқылды
0

Сүйікті кино «Көксерек» фильмі әлі күнге дейін көрерменін баурап келеді. Қазақтың дара, даңқты жазушысы Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған бірегей туындының да талай жас оқырманды тәнті еткені белгілі. Енді міне, өз оқырманы мен көрерменіне сүйкімі артқан туындының мультфильмдік нұсқасы жарыққа шықты.

«KADAM» студиясы түсірген 15 минуттық мультфильм көрерменнің көзайымына айналар бірегей еңбек екенін байқауға болады. Осы балалар фильмінің трейлерін жариялаған Салтан Сайранұлының жазуына қарағанда фильмді жасап шыққандар әлі студент жастар екен.
Мультипликациялық фильмдердің шымылдығы осы «Көксерекпен» түрілді. Сөз жоқ, мультфильм керемет шыққан. Жігіттердің «Warner bros», «Walt Disney Pictures», «Pixar» секілді студиялардың ізін басып келе жатқан жас буындар екеніне көзім жетті. Өте талантты, шебер, өнерлі. Бұл жігіттер әлі университет студенттері. Бірақ шығармалары қаншама жылдық тәжірибесі бар шеберлерден асып түспесе, кем түспейді» — дейді Салтан Сайранұлы.
Сұлтан Жұмабекұлы, Мейіржан Сандыбай және Әділбек Баян есімді жігіттердің қолынан шыққан туындыға 21600 картина сызылыпты. 2D форматымен жасалған кішкентай «Көксерек» балалар үшін таптырмайтын мультфильм болары сөзсіз.

comments powered by HyperComments