Қазақстан ірі мұнай және газ жобаларындағы үлесін арттырады

656 рет оқылды
0

ҚР Энергетика министрлігінде мұнай-газ саласындағы ірі жобалардағы қазақстандық қамту бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өтті.

Жұмыс тобының мақсаты мұнай сервисі және ірі жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы барлық мәселелердің шешімін табу болып табылады, бұл аймақтардағы әлеуметтік жағдайға, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен қамтуға жағымды әсерін тигізуі тиіс.

Өткен бірінші отырыстың өзінде ғана бірқатар маңызды және алдыңғы қатарлы шешімдер қабылданды. Теңізшевройл (ТШО) және Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компаниялары ерте келісімшарттарды беру тетігін енгізу және жобаларына сынамалы тапсырыстарды орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Сондай-ақ мұнай-газ кен орындарындағы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған үш ірі операторға, сонымен қатар «PSA» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» АҚ қолданыстағы деректер базасын «ALASH» Бірыңғай деректер базасымен біріктіру мәселесін тездету қажет.

Бұдан әрі «Атамекен» ҚР ҰКП-мен НКОК, Карачаганак Петролеум Оперейтинг (КПО) және ТШО міндеттемелерін, жұмыстар мен қызметтер, аталған жұмыстар мен қызметтер ұсынуға жергілікті жабдықтаушылардың дайындығы, экономикалық және техникалық тиімділігі бойынша отандық сервистік компаниялардың нарығын талдау және шетелдік ірі мұнай-сервистік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру бойынша нақты ұсыныстарды Үкіметке енгізу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, қытайлық қатысу үлесі бар компанияның сатып алуларын техникалық ерекшеліктерде көтеріңкі талаптардың бар болуы мен тендерге қазақстандық жеткізушілерді негізсіз қабылдамау бойынша талдау жүргізу бойынша жұмысты бастайды.

 

comments powered by HyperComments