Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың форумы

106 рет оқылды
0

Ақмола облысында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған жас тарихшылар мен өлкетанушылардың бірінші облыстық форумы өтті.Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара аясында қатысушылар облыс тарихы мен Ел орданың тарихи мұрасымен тереңінен танысты.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен форумның басты мақсаты: «Жасөспірімдердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып,туған өлкенің тарихи және мәдени мұрасын сақтауға ынталандыру, сондай-ақ, оқушыларға өлкетану ғылымын тереңінен насихттау», – дейді Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы директорының орынбасары Ләйла Толыспаева. Форумға Ақмола облысындағы мектептердің оқушылары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, қалалық №1 сервистік-техникалық колледжінің студенттері, ұстаздары, мұражай қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумға қатысушылар Астана қаласының тарихи орындарын, Ұлт көшбасшысының кітапханасы орналасқан «Назарбаев орталығы» және ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының құнды тарихи мұрағаттарымен танысқан. Бүгінде бұл мұражайда 40 мыңға жуық экспонат бар. Олардың қатарына әйгілі велошабандоз Александр Винокуровтың спорттық велосипеді де қойылған.

Форумның екінші күні қонақтар, Щучинск қаласындағы Өнер мектебінің оқушылары дайындаған мерекелік бағдарламаларды тамашалады. Сондай-ақ, шараға «Бурабай» тарих-өлкетанушылық мұражай меңгерушісі Шамшия Есқара, Бурабай елді мекенінің тарихи-өлкетанушылық мұражайының қызметкері Саягүл Төлембаева, жас ғалым Ғалымтай Төлепбергенов, облыстық мәдениет басқармасының өкілі Гаухар Сарсекова қатарлы мамандар қатысты. Бұдан бөлек, форумда «Менің Президентім» тақырыбында оқушылардың қызықты шығармашыдық жұмыстары қаралды. Археологиялық экспедиция барысында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, археология ғылымының қызықты деректерімен танысты. Ал шараға алғаш қатысқан Есіл балалар үйінің тәрбиеленушілері өз жетістіктерін айтып, Елбасыға видеоқұттықтауларын жолдады.

 

 

comments powered by HyperComments