«Төретам төңірегіндегі жер таза»

62 рет оқылды
0

Осы аптада Ресей Байқоңырдың кей жерлерін елімізге қайтаратыны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл Ресей әзірге ғарыш айлағынан кетеді деген сөз емес. Себебі келісім-шартқа сәйкес, Роскосмос 2050 жылға дейін Қазақстан аумағынан зымырандарын ұшыра бермек.

Ресейдің Челябі қаласында өткен өңір­аралық кездесуде Байқоңырдың 11 жарым мың гектар жері кері қайтарылатыны белгілі болды. Жерді қайтарып алу туралы өтінішті Қазақстан тарабы өзі білдірген. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәлімдеуінше, жақын арада ғарыш айлағының тағы үш алаңы өз бақылауымызға өтеді. Ал Ресейдің жалдап отырған жері тарылғанымен төлейтін ақшасы сол қалпы, жылына 50 миллиард теңге көлемінде өзгеріссіз қалмақ. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов  қайтарылатын 11 мың гектар жер зиянды қалдықтардан таза екенін айта келе, бұл учаскеге жарық, су, газ тартып, халықтың үй салуына жағдай жасалатынын жеткізді.

«Халық саны жыл сайын өсуде. Құрылыс та жүріп жатыр. Халыққа да жер керек. Одан кейін инфрақұрылым өткізу керек. Қызылорда облысының әкімшілігімен бірлесіп, жерді қайтарып жатырмыз. Ешқандай қауіп жоқ. Төретам мен Ақайдың төңірегіндегі жер таза», – деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

 

 

 

comments powered by HyperComments