Трамп: Бұл көрсеткіш жаман емес

139 рет оқылды
0

АҚШ президенті Дональд Трамп ABC News пен The Washington Post-тың бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижесіне қатысты пікірін білдірді.

«ABC News пен The Washington Post-тың жүргізген сауалнама президент сайлауы кезінде шындыққа жанаспаған. Дегенмен халықтың 40 пайызға жуығы сенім артып отыр. Қазіргі жағдайда бұл жаман көрсеткіш емес», — деп жазды ол өзінің Twitter-дегі микроблогында.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп рейтингінің ең төменгі деңгейге дейін құлдырағанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Gallup-тің мәліметінше, Дональд Трамп президенттігің инаугурациясының алғашқы күні жаңа басшыны 45 пайыз респонденттер қолдап, соншасы қарсылық білдірген болатын.

 

comments powered by HyperComments