Нұр-Сұлтан қаласын қар басып қалды

Нұр-Сұлтан қаласын қар басып қалды

Нұр-Сұлтан қаласын қар басып қалды
ашық дереккөзі
Естеріңізде болса, қазан айының басында жауған алғашқы қар бірден еріп кеткен еді. Мамандар өткен түнде жауған қар да ұзақ жатпайтынын айтады. Себебі, термометр плюс температураны көрсетуде. Дәстүрлі түрде елордада қар жамылғысы қарашаның басы мен орта кезінде тұрақты жатады. Жақында Қазгидромет алдағы қыс айындағы ауа райына болжамын жариялаған еді: бүгін циклон әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.