Атырауда ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

Атырауда ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

Атырауда ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» мамандары 25 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады. Жексенбі күні – Атырау қаласында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.