Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтті

Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтті

Өзбекстанда қазақтардың кіші құрылтайы өтті
ашық дереккөзі
2020 жылы 21 қазанда "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ мен "Отандастар қоры" КеАҚ бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Өзбекстандағы қазақтардың Кіші құрылтайын өткізді. Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы шет елдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитетінің бөлім басшысы Феруз Беков, "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Өзбекстандағы қазақ-мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, сондай-ақ "Отандастар қоры" КеАҚ, Қазақстан мен Өзбекстанның қоғамдық, мәдени бірлестіктерінің өкілдері және басқалар қатысты.
 />

Іс-шара барысында министр А. Балаева, Өзбекстан Республикасы  Қазақстан үшін бауырлас ел екенін атап өтіп, біздің елдерімізде тілдер мен дін, мәдениет пен руханият бір-бірімен байланысты екенін атап өтті. Екі мемлекет арасындағы белсенді өзара қарым-қатынасы мен шетелдегі қандастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

<img src=