Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысушылардың бірі көз жұмды

Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысушылардың бірі көз жұмды

Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысушылардың бірі көз жұмды
ашық дереккөзі
Оксфорд университеті мен AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы бірлесе әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан еріктілердің бірі – Бразилия тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды Reuters  28 жастағы сынақ қатысушысының қазасына коронавирустың асқынуы себеп болған. Бұл ақпаратты Бразилияда вакцина сынағының үшінші кезеңін өткізуге көмектескен Сан-Паулу Федералды университеті растады.  Еске сала кетейік, қыркүйекте  еріктілердің бірі көлденең миелитқа шалдығуына байланысты AstraZeneca компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина сынағын тоқтатқан болатын. Алайда кейіннен компания бұл ақпаратты жоққа шығарып, диагноздың әлі нақтыланбағанын алға тартты.  Reuters-тің хабарлауынша, аталған вакцинаның АҚШ-тағы сынағы қазанның соңына дейін қайта жандануы мүмкін.