Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге хабарлады. «Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасында.