Нұрлан Нығматулин: Алдағы сайлау демократияны нығайтуға жаңа серпін береді

Нұрлан Нығматулин: Алдағы сайлау демократияны нығайтуға жаңа серпін береді

Нұрлан Нығматулин: Алдағы сайлау демократияны нығайтуға жаңа серпін береді
ашық дереккөзі

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин келер жылы өтетін сайлауға қатысты пікір білдірді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, сайлау өткізу – халық үшін өте маңызды саяси қадам.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Әрине, Парламент сайлауы біздің еліміз, халқымыз үшін өте маңызды саяси қадам», – деді Нұрлан Нығматулин. Ол сондай-ақ сайлау мәдениеті қалыптасып келе жатқанын да айтты. «Парламент сайлауы еліміздегі барлық саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге, еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», – деді ол.