Қандастарға арналған өнер шашуы

Қандастарға арналған өнер шашуы

Қандастарға арналған өнер шашуы
ашық дереккөзі
27 қыркүйек күні «Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерт өткізді.
Ұлттық өнерді әлемге танытып жүрген "Халық қазынасы" ұжымының  концерті қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсетуді, шетелдік қандастармен байланысты нығайтуды мақсат етті.
Онлайн концерт ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымының ұйымдастырылуымен өтті.