2,9 мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды

2,9 мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды

2,9 мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды
ашық дереккөзі
2,9 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтемақы алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 28 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 2 955 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 29 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды. Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент (140) қалалары, Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180) және Ақмола (180) облыстары бойынша жүргізілді.