«Қызылорда-Алматы» бағытындағы ұшақ Шымкентке шұғыл қонды

«Қызылорда-Алматы» бағытындағы ұшақ Шымкентке шұғыл қонды

«Қызылорда-Алматы» бағытындағы ұшақ Шымкентке шұғыл қонды
ашық дереккөзі
«Қызылорда - Алматы» бағытындағы Air Astana рейсі Шымкентке шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оқыс оқиғаға байланысты Air Astana компаниясы түсінік берді. «2020 жылғы 25 қыркүйекте «Air Astana» АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190) «Қызылорда - Алматы» бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшып бара жатқанда диспетчерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлады. Ұшақ 17.51-де Шымкент қаласының әуежайына сәтті қонды. Әуе компаниясының алдын ала мәліметінше, түтін датчигі іске қосылған. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуе айлағына қону жөнінде шешім қабылдады», – деді әуе компаниясынан. Air Astana инженерлік техникалық құрамы инспекция жасау үшін Шымкентке ұшып шықты. Жолаушыларды жеткізу ҚР заңнамасы бойынша тез арада шешіледі. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіледі.