Еуропадағы ең еріншек ел…

122 рет оқылды
0

Британдық Ladbrokes компаниясы Еуропа тұрғындарының арасында физикалық белсенділікті анықтау мақсатында сауалнама жүргізген.

Сауалнама қорытындысы бойынша Болгария халқының 78% спортпен мүлдем айналыспайтын болып шықты. Бұл туралы Моя планета хабарлады.

Керісінше Швеция халқының басымы апта сайын спорт кешендеріне барып, күн сайын дене шынықтырумен айналысатын болған.

Британдықтар Эстония, Литва, Латвия және Хорватия сияқты елдермен қатар тізімнің ортасына жайғасты. Сонымен қатар «еріншек» елдердің қатарына Италия, Португалия, Мальта, Румыния ілікті. Физикалық белсенділік бойынша алдыңғы қатардан орын тепкен Швециядан кейін тізімде Финляндия, Дания және Германия бар.

comments powered by HyperComments