Газет туралы

Газет туралы

«Түркістан» халықаралық газеті 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шыға бастады. Қазіргі таңда республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерациясына да тарайды. «Түркістан» газеті 2009 жылдан бастап «Роспечать» каталогына енгізілген, Ресейде тұратын қазақ оқырмандары біздің газетімізді осы каталог арқылы жаздырып, оқи алады. 2010 жылдың 22 наурызынан бастап газет А2 форматтағы 12 бет көлемінде және түрлі-түсті болып шыға бастады. Осы уақыттан бастап газет жанынан тұрақты төрт қосымша жарық көреді: «Ырыс», «Қоныс», «Тайқазан», «Жаһан».
  • «Қоныс» – алыс-жақын шет елдерден атажұртына қоныс аударған оралмандар жағдайын еліміздегі демография мәселесіне ұштастыра отырып талқылауды көздейтін, сондай-ақ ұлттық мәдениетімізді жандандыруға атсалысатын қосымша.
  • «Тайқазан» – ұлттық мәселелерді тереңнен қаузауға, ұлттық мүддені тіл, дін, діл, салт-дәстүр, саясат тұрғысынан талдауға арналған.
  • «Жаһан» – халықаралық саясатқа, қазақ халқының түркітілдес халықтармен ынтымақтастығына баса назар аударатын, сыртқы саясаттағы басым бағыттарды насихаттайтын қосымша.

Алғашқы бас редакторы – Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджан (1993-1999)

Қазіргі бас редакторы – Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы