4.0 индустриясына 600 миллиард теңге бөлінді

78 рет оқылды
0

Тау-кен өнеркәсібінің 4.0 индустриясына өтуі үшін 600 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы бүгін инновациялық форумда Еуразиялық топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов мəлімдеді.

Оның айтуынша өндіріске жаңа технологияларды енгізу 5-6 жылды қажет етеді. Белгілі болғандай 10 жыл бұрын құрылған қуатты кәсіпорындардың бүгінде тек 52%-ы өз жұмысын жалғастырып отыр. Зауыттардың жаппай жабылуы бірінші кезекте жаңашылдықты қолданбауынан орын алған. Алайда 4.0 индустриясы тау-кен өндірісіне жаңа серпін бермек. Аталмыш жоба мемлекет тарапынан да қолдауға ие болды. Билік иелері қайта жаңғыртуды қажет ететін компаниялардың тізімін әзірлеп, іріктеу жұмыстары арқылы 6-7 кəсіпорынға мемлекеттік көмек көрсетіледі. Айта кетейік, бүгін елордада Еуразиялық топ инновациялық форумы аясында новаторлық жобалар байқауы өткізілуде. Байқауға Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай Павлодар жəне Алматыдан келген 140 қатысушы 50 жуық жоба алып келген. Бақылаушы ретінде Біріккен Араб Əмірліктері, Австрия, Ресей жəне Германиядан келген сарапшылар қатысуда. Үздік деп танылған жоба өндіріске енгізілетін болады. Ал жеңімпаздар шетелде жəне Назарбаев университетінде біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады.

comments powered by HyperComments